Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Тасбөгет кенті: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде мемлекет ұстанған берік саясаттың арқасында қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болды.Соның ішінде мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекетті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды.
Қазіргі таңда заман талабына сай аталмыш жүйені жетілдіру мақсатында мемлекеттік кадр саясатын қалыптастыру, халықтың мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыру бағытында игі бастамалар жүзеге асырылуда.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі. Сәйкесінше мемлекеттік қызметтер көрсету саласының сапасын арттыру – елді мекен тұрғындарының өмір сүру деңгейінің көтерілуіне септігін тигізері сөзсіз.
Мекемеде төмендегідей 5 (бес) мемлекеттік қызмет түрі жүзеге асырылады:
1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
2. Сауда-саттықты(конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
3. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
4. Елдімекендер шегінде обьекті салу үшін жер учаскелерін беру;
5. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату. Қызылорда қаласының «Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жыл басынан бері барлығы 79 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде: 25 (жиырма бес) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, 26 (жиырма алты) сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу, 28 (жиырма сегіз) елдімекендер шегінде обьекті салу үшін жер учаскелерін беру туралы мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Осы көрсетілетін қызметтердің түрін алу үшін стандартқа сәйкес құжаттар қажет етіледі. Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында «Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттық стенд орналастырылған және онда көрсетілетін қызмет түрлері мен қызмет көрсету мерзімі туралы мәліметтер толық көрсетілген. Сондай-ақ, мекемеде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жабдықталып, онда«E.gov.kz» электрондық үкімет веб-порталына кіру мүмкіндігі қамтамасыз етілген.Мекемеде қызметтер көрсетуге жауапты маман бекітілген.
Жоғарыда аталған қызметтерді алу үшінТасбөгет кенті әкімінің аппаратына өтініш білдіруге болады. Мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, З.Шүкіров көшесі №11. Сенім телефоны: 21-58-49.
30 қараша 2023 ж. 305 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?