АҚСУАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
Ақсуат ауылдық округінде мемлекеттік қызметтерді алуда оңтайлылық пен жоғары сапаны қамтамасыз ету ауыл тұрғындарымен жұмыс жасаудағы ең басты міндеттерінің бірі болып табылады.
«Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан жеке және заңды тұлғаларға 5 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.
1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
2. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
3. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
4. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату;
5. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
2023 жылдың 9 айында «Электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы 175 (бір жүз жетпіс бес) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Оның ішінде:
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту қызметі бойынша – 80 тұлғаға,
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу қызметі бойынша – 95 тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында БАҚ–на, әлеуметтік желілерге мақалалар жарияланып, осы бағыттағы іс-шараларды іске асыру мақсатында ауыл орталығына билборд ілінген.
Ақсуат ауылдық округінің әкімі аппараты мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы арнайы ақпараттық тақтада көрсетілетін қызметтердің түрлері, уақыты, стандарттары мен регламенттері және т.б. мәліметтер орналастырылған. «Өзіне – өзі қызмет көрсету» бұрышымен де қамтылған. Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы жаңа заман талабына сай қажетті техникалық құралдарымен (компьютер жабдығымен, принтер, камера) және электронды үкімет пен интернет банкинг жүйесінде пайдалануға бағытталған құрылғымен (картридермен) қамтамасыз етілген.
Қызмет алушыларға қажетті қызметтерді өз бетінше электронды түрде алу мүмкіндіктері қарастырылған.