Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ТАЛСУАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ: МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.
       Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызметтің қоғам өмірінде үлкен орын алады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты, көптеген шет мемлекеттер мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғары болуына және осы саланың дамуына үлкен мән береді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттары:
- көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.
 Мемлекеттік қызметтер көрсету саласының сапасын арттыру - ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейінің көтерілуіне септігін тигізетіні анық. Қызылорда қаласының «Талсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 5 мемлекеттік қызмет түрін жүзеге асырады. 
        Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
        Сауда - саттықты(конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
        Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
        Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру; 
Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не  бөліп төлеу арқылы сату.
        Осы көрсетілетін қызметтердің түрін алу үшін стандартқа сәйкес құжаттар қажет   етіледі. 
       Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында «Қызылорда қаласының Талсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттық стендттермен жабдықталған. Мекемеде қызметтер көрсетуге жауапты маман бекітілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі біріңғай байланыс орталығы телефон нөмірі-«14-14».
       Жоғарыдағы аталған қызметтерді алуға Талсуат ауылдық округі әкімі аппаратына өтініш білдіруге болады. Мекен жайы Қызылорда қаласы, Талсуат ауылы, Абай Құнанбаев № 25. Сенім телефоны 21-71-07.
17 қараша 2023 ж. 283 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?