25 қазан - Республика күні құтты болсын!
РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Баршаңызды еліміздің тәуелсіздігіне жол ашқан Ұлттық мереке Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке әрбір жерлесімізге шаттық сыйласын!
Жастарды отансүйгіштік қасиетке, елдік рух пен ұлттық ұстанымын берік етуге шақыратын ұлттық мерекенің маңызы зор. Көк туымыз – егемендік, азаттық, бірлік, бейбітшілік сынды ізгі құндылықтарды ұштастыратын қастерлі рәміз. Көк байрағымыз тұғырынан төмен түспей, Әнұранымыз байрақты бәсекелерде шырқала берсін!
"Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Бағдарымыз – айқын, мақсатымыз – ортақ" деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы. Мемлекетіміздің жарқын болашағы оның әрбір азаматының белсенді өмір сүруінде. "Отан – біздің ең үлкен анамыз. Әркім Отанына көрсеткен қызметіне жылу дәметпеуі тиіс. Ол – оның азаматтық борышы" деді Мұхтар Шаханов. Біз тәуелсіздік тұғырын биік ұстап, мемлекеттігімізді нығайта беруіміз қажет.
Ұлттық мерекеде баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Қызметте табысты, отбасында бақытты болыңыздар!
Еліміздің егемендігі баянды болсын!
Құрметпен, облыстық мәслихат депутаты Аида Абибуллаева