25 қазан - Республика күні құтты болсын!
Құрметті достар!
Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен еліміздің ұлттық мерекесі қатарына қайта қосылды.
Көпшілік білетіндей, 1990 жылғы 25 қазанда «Егемендік туралы» декларация қабылданды, еліміз тәуелсіздікке бет бұрды, алғышарты жасалды. Сондықтан біз үшін бұл күннің орны ерекше.
Қазіргі күні Жаңа, Әділетті Қазақстанды құрудың маңызды қадамдары жасалуда.
Еліміздегі білім беру ұйымдарында балаларға сапалы білім мен тәрбие беру үшін мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалуда.
Педагогтердің мәртебесі айқындалып, оларды әлеуметтік және құқықтық жағынан қорғалуына, педагогтың айлықақысын арттыру мәселесіне Мемлекет ерекше мән беруде.
Мемлекет басшысының «Біз үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі бәрінен қымбат. Осы тұрақсыз, құбылмалы әлемде Қазақстанымыз бізден басқа ешкімге керек емес. Сондықтан, маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ», - деген сөзі әрқайсымыздың жадымызда.
Құрметті әріптестер, ата-аналар, жерлестер!
Республика күні мерекесі құтты болсын!
Әр шаңыраққа бақ дарып, ырыс ұяласын! Елімізге тыныштық, халқымызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс, игілікті ғұмыр тілеймін!
Қызылорда облысының білім саласында
сапаны қамтамасыз ету департаментінің
басшысы Ғалия Дәулетова