Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

25 қазан - Республика күні құтты болсын!

ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР!
Былтырдан бастап, 25 қазан - Қазақстанда ұлттық мереке Республика күні аталып өтіледі. 1990 жылы дәл осы күні Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміздің Тәуелсіздігіне алғашқы қадам жасалған болатын.
"Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек", - деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. 
Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, ырыс-несібе тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

Ізгі-тілекпен:
Қызылорда облысының Әділет департаментінің басшысы Бакишева Ирина Жұмабайқызы.
23 қазан 2023 ж. 633 0

Күнтізбе

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?