Қосшыңырау ауылдық округі: МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРІ ТУРАЛЫ
«Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 19 маусымдағы №236 бұйрығына сәйкес, Қызылорда қаласының «Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан жеке және заңды тұлғаларға 5 (бес) мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Атап айтсақ,
- жер учаскелерін нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін
мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
- бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату;
- жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
- елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру.
2023 жылдың 10 айында Қызылорда қаласының «Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан барлығы – 4 (төрт) мемлекеттік қызмет көрсетілді. Атап айтсақ, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 1; сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу- 3;
Мемлекеттік қызметті электронды нысанда алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаны алу, сондай-ақ, «электрондық үкіметтің» веб-порталында (www.egov.kz) немесе электрондық лицензиялауда (www.elicence.kz) тіркелу қажет.
Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің ақпараттық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттық стендтермен жабдықталған. Ақпараттық стендтерде: мемлекеттік қызмет көрсету түрі, мерзімі, қажетті құжаттар тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінде ұсынылатын құжат және т.б. ақпарат орналастырылған.
Сонымен қатар, округ әкімі аппараты ғимаратының 1-қабатында ауыл тұрғындарына қызмет көрсету мақсатында «Өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы» қарастырылып, «Өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы» талапқа сай қажетті техникалық құралдармен (компьютер интернет желісіне қосылған, принтер, сканер, видеокамера, картридер) қамтамасыз етілген.
«Қызылорда қаласының Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ., Қызылорда қаласы, Қосшыңырау ауылдық округі, Абай ауылы,
Бейбітшілік көшесі, №79., 8(7242) 21-30-38,21-30-71.