ҚАЛАЛЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІ АРҚЫЛЫ КӨРСЕТІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ
Мемлекеттік қызметтер көрсету теңдей қол жеткізу, төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу, есеп берушілік пен ашықтық, қолжетімділік, үнемділік және тиімділік қағидаттарына негізделген.
Сондықтан мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызмет көрсетудің сапасы мен қол жетімділігін арттыру өте маңызды. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына халықтың қанағаттанушылық көрсеткіші мемлекеттік органның негізгі бағыттарында белгіленген.
Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жер қатынастары тарапынан мемлекеттік қызметтің 11 түрі көрсетіледі, оның ішінде 6 түрі толық электрондық түрге ауыстырылған.
Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға электрондық цифрлық қолтаңбаны алу, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталында (www.egov.kz) немесе электрондық лицензиялауда (www.elicense.kz) тіркелу қажет.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады.
Мемлекеттік қызмет алуға электронды түрде өтінім беру үшін ЭҮП бойынша сілтемеге өтіп, ЖСН арқылы пайдаланушының жеке кабинетіне кіру іске асырылады. Қызметтер бөлімін таңдау бөлігінде қажетті тармақ таңдалып, бұдан әрі барлық әрекеттер нұсқауға сәйкес рет-ретімен орындалады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
2023 жылдың 6 айында жер қатынастары бойынша 1822 жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетілді («электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы 1733 тұлғаға, қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы 89 тұлғаға).
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің халыққа қол жетімділігін арттыру мақсатында мекеме ғимаратында «Өзіне - өзі қызмет көрсету» бұрышы қарастырылған.
«Электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға шақыра отырып, мемлекеттің маңызды функциясы ретінде «халыққа тікелей бағдарланған, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету» - басты міндетіміз деп санаймын.
«Қызылорда қаласының жер
қатынастары бөлімі» КММ
бас маманы Ә. Жалмағанбетова