Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Қызылжарма: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы


 ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес, Қызылжарма  ауылдық округі әкімінің аппараты тұрғындарға төменде көрсетілген мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
 1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
 2.Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу;
 3. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
 4. Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;
 5.Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп 
төлеу арқылы сату.
 6. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
 Жоғарыда аталған қызметтер, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 Заңына сәйкескөрсетіледі. Осы 2023 жылдың  5 ай көлемі бойынша Сауда – саттықты(конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу жөнінде 
7 өтініш келіп түсті. Қазіргі таңда «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» және «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» қызметтерін алу үшін мемлекеттік мекемеге жүгінбей «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қызмет алуларыңызға болады.
 Аталған қызметтер бойынша кеңес алу үшін Қызылжарма ауылдық округі әкімі аппаратына келуіңізге немесе сенім телефонына хабарласуыңызға болады. 
Мекен жайымыз: Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық округі, Қ.Сексенбаев көшесі 13.
 Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппаратының сенім телефоны:
24-23-05.
30 маусым 2023 ж. 349 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?