Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАРАУЫЛТӨБЕ: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы


Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы.

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, Қызылорда қаласының «Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан жеке және заңды тұлғаларға 5 (бес) мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Атап айтсақ,

- жер учаскелерін нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

- сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін
  мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

- бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату;

- жер учаскесін алу үшін кезекке қою;

- елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру.

Мемлекеттік қызметті электронды нысанда алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаны алу, сондай-ақ, «электрондық үкіметтің» веб-порталында (www.egov.kz) немесе электрондық лицензиялауда (www.elicence.kz) тіркелу қажет. 

Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің ақпараттық қолжетімділігін  қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттық стендтермен жабдықталған. Ақпараттық стендтерде: мемлекеттік қызмет көрсету түрі, мерзімі, қажетті құжаттар тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінде ұсынылатын құжат және т.б. ақпарат орналастырылған. 

Сонымен қатар, округ әкімі аппараты ғимаратының 1-қабатында халықтың уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы» қарастырылып, «Өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы» талапқа сай қажетті техникалық құралдармен (компьютер интернет желісіне қосылған, принтер, сканер, видеокамера, картридер) қамтамасыз етілген. 


                                                                                             

«Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ


08 маусым 2023 ж. 308 0

Күнтізбе

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?