АҚСУАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
Ақсуат ауылдық округінде мемлекеттік қызметтерді алуда оңтайлылық пен жоғары сапаны қамтамасыз ету ауыл тұрғындарымен жұмыс жасаудағы ең басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Осы орайда, ауылдық округ бойынша жыл басынан бері ауыл тұрғындарына бес түрлі бағытта 302 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Атап айтсақ: «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» қызметі жайлы – 263 мемлекеттік қызмет, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» жайлы - 26 мемлекеттік қызмет, « Сауда - саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» қызметі жайлы – 13 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Сонымен қатар, «Елді мекендер шегінде обьекті салу үшінжер учаскелерін беру» жайлы және « Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату» туралы мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.
Ақсуат ауылдық округінің әкімі аппараты мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы арнайы ақпараттық тақтада көрсетілетін қызметтердің түрлері, уақыты, стандарттары мен регламенттері және т.б. мәліметтер орналастырылған. Арнайы ауыл тұрғындарына «Өз-өзіне қызмет көрсету» бұрышы орналастырылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасалып, пандус және қызметкерлерді шақыру қоңыраулары орнатылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету барысында Ақсуат ауылдық округінде қызмет көрсету сапасы мен оңтайлылығына басты назар аударылып отырады.
Ақсуат ауылдық округі әкімшілігі