Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

АҚЖАРМА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ: Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер туралы

     «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасына сəйкес, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық  игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі. 

 Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан  заңды және жеке тұлғаларға 6  мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі:

     «Жер учаскесінің  нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»,     «Сауда-саттықты  (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»,   «Елді мекендер шегінде объект салу үшін жер учаскелерін беру»,         «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату».

Мемлекеттік қызметті электронды алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға электрондық цифрлық қолтаңбаны алу, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталында (www.egov.kz) немесе электрондық лицензиялауда (www.elicense.kz) тіркелу қажет.

         Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің ақпараттық қолжетімділіктерін қамтамасыз ету мақсатында стандарттарға сәйкес ақпараттық тақтайшалар және  «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы» орналастырылған. «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы» талапқа сай қажетті техникалық құралдармен жабдықталған.

     Қызмет алушылардың  хабардарлығын арттыру мақсатында  кестеге сәйкес, түсіндірме-семинар, кездесулер  өткізіліп отырады.  

      Ақжарма ауылдық округінің  әкімі аппаратының негізгі функцияларының бірі мемлекеттік қызмет көрсету саласында тұрғындардың өтініштерін қанағаттандыру, мүмкіндігі шектеулі жандар мен барлық қызмет алушыларға ыңғайлы үнемі жағдай жасау болып табылады.



Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының  

Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» 

 коммуналдық мемлекеттік мекемесі


23 мамыр 2023 ж. 326 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?