Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ТАЛСУАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ: Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер туралы

   Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер - жеке мемлекеттiк функцияларды iске асырудың бiр түрi. Ол қызмет алушылардың өтiнiшi бойынша жекеше түрде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы және қаржылы емес заңдылықтарға сәйкес және тұлғаларға қызмет көрсетудi iске асырады өмір    сапасы болып табылады. Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi - жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық халықтың бiрдей қол жеткiзу.  Бұл мәселе заң жүзінде бекітілген.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету саласының сапасын арттыру - ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейінің көтерілуіне септігін тигізетіні анық. Қызылорда қаласының «Талсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі   6 мемлекеттік қызмет түрін жүзеге асырады. 

       «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Елді мекен шегінде обьекті салу үшін жер учаскелерін беру», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не  бөліп төлеу арқылы сату», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау».

    Заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда қамтамасыз етуге міндетті, бұл өз кезегінде мемлекеттік органдардың ішкі бизнес-үдерістерін автоматтандыруға, сондай-ақ мемлекттік органдар мен азаматтардың өзара іс-қимылының ең тиімді нысаны ретінде электрондық мемлекеттік қызметтерді дамытуға ықпал етеді.

  Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында әкім аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттық стендттермен жабдықталған. Керекті ақпараттың барлығы қызмет көрсету мерзімі қызметтің түрлері туралы мәліметтер стендтерде орналастырылған және «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» талапқа сай қажетті техникалық құралдармен жабдықталған. 

     Округ әкімі аппаратының негізгі функцияларының бірі мемлекеттік қызмет көрсету саласында тұрғындардың өтініштерін қанағаттандыру, мүмкіндігі шектеулі жандар мен барлық қызмет алушыларға ыңғайлы үнемі жағдай жасау болып табылады.

 Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Талсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 


23 мамыр 2023 ж. 301 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?