Тасбөгет кенті: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
«Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы
Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде мемлекет ұстанған берік саясаттың арқасында қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болды. Соның ішінде мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекетті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды.
Қазіргі таңда заман талабына сай аталмыш жүйені жетілдіру мақсатында мемлекеттік кадр саясатын қалыптастыру, халықтың мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыру бағытында игі бастамалар жүзеге асырылуда.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі. Сәйкесінше мемлекеттік қызметтер көрсету саласының сапасын арттыру – елді мекен тұрғындарының өмір сүру деңгейінің көтерілуіне септігін тигізері сөзсіз.
Қызылорда қаласының «Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жыл басынан бері барлығы 107 қызмет көрсетілді.
Мекемеде төмендегідей 6 (алты) мемлекеттік қызмет түрі жүзеге асырылады:
1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
2. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
3. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
4. Елді мекендер шегінде обьекті салу үшін жер учаскелерін беру;
5. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату.
6. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
Осы көрсетілетін қызметтердің түрін алу үшін стандартқа сәйкес құжаттар қажет етіледі. Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында «Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттық стенд орналастырылған және онда көрсетілетін қызмет түрлері мен қызмет көрсету мерзімі туралы мәліметтер толық көрсетілген. Сондай-ақ, мекемеде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жабдықталып, онда «E.gov.kz» электрондық үкімет веб-порталына кіру мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Мекемеде қызметтер көрсетуге жауапты маман бекітілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі біріңғай байланыс орталығы телефон нөмірі – «1414».
Жоғарыда аталған қызметтерді алу үшін Тасбөгет кенті әкімінің аппаратына өтініш білдіруге болады. Мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, З.Шүкіров көшесі №11. Сенім телефоны: 21-58-49.