Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ

ХХІ ғасыр ақпараттық жүйелер мен ғаламтор желілерінің дамуы біздің өмірімізге оң өзгерістер алып келгенін айтып кеткен жөн.

Оң өзгерістер біздің өмірімізге де өз септігін тигізуде, атап айтқанда көптеген мемлекеттік қызметтер электронды Egov порталы арқылы жүзеге асырылуда, біздің жеке шоттарымыздағы ақшалай соманы басқа шоттарға аудару, электронды дүкендер арқылы тауарлар мен қызметтерді сатып алу мүмкіндігі және т.б.

Алайда, бұл оң өзгерістермен ниеті пайдакүнемдікке бағытталған қылмыскерлер де пайдалануда.

Атап айтқанда, соңғы уақытта Қызылорда қаласында алаяқтық қылмыстарының көбею тенденциясы байқалады.

Қала тұрғындары алаяқтардың іс-әрекетіне күдіктенбей, айтқандарына сеніп, тұзағына түсуде.

Алаяқтар аталған қылмысты жасаған кезде жәбірленушінің сеніміне кіру үшін әртүрлі тәсілдер мен амалдар тауып қылмыстық пиғылын жүзеге асырады.

Мысалы, 2022ж. «А» есімді тұлға 17 қала тұрғындарына өзін мемлекет тарапынан бөлініп жатқан 1 225 000 теңге қайтарымсыз несиені алып беруге мүмкіншілігі бар екенін сендіріп, ол үшін алдын ала белгілі бір көлемде ақша қаражатын алу арқылы алаяқтық қылмысын жасаған. 

Нәтижесінде, қылмыстық әрекеттермен жәбірленушілерге 5 382 000 теңгеге материалдық залал келтірілген.

Аталған факті қала тұрғындары тарапынан сақтық шараларының жоқтығының айқын көрінісі болып табылады.

Сол себепті, қала тұрғындарын өз әрекеттеріне абай болу қажеттілігі туралы ескертеміз.

Қылмыскерлер қазіргі таңда алдап, манипуляция тәсілдерін жан-жақты өршітіп, азаматтардың психологиясына ықпал етудің жаңа тетіктерін шығаруда.

Мысалы, олар өздерін банк қызметкері ретінде таныстырудан басқа, әлеуметтік желілерде фейк аккаункттар шығарып, тауарларды сату жарнамаларын шығарып, оқырмандардың санын көбейтеді.

Ары қарай, жәбірленуші тарап тауарға тапсырыс беріп, ақшасын төлеген кезде алаяқтардың құрбаны болғанын түсінеді.

Сонымен қоса, абоненттердің ұялы телефондарына жеке қонырау шалып, белгілі бір тауарларды жарнамалап, азаматтардың (әсіресе үлкен кісілердің сеніміне кіріп) күмәнді тауарларды сатады. 

Сол себептен, белгісіз тұлғадан келіп түскен кез келген қонырау, хат және өзге де хабарламаларға күдікпен және сақтықпен қарау қажет.


            Қызылорда қаласының прокуратурасы 

06 сәуір 2023 ж. 1 279 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?