АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ БОЙЫНША КӨРСЕТІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» № 88-V заңына сәйкес мемлекеттік қызмет стандарты мен регламенттері бойынша ауыл шаруашылғы саласы бойынша 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну («Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы);
«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қаулысы және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығы негізінде жүзеге асырылуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты және міндеті ауылдың қалыпты тіршілігін және ауылды аумақтың әлеуетінің өсуін қамтамасыз ету, сонымен бірге, ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік саланың сапалы қызметін көрсету, ауыл аумақтарын тұрақты дамыту, ауылдық елді мекенге жұмыс істеуге және тұруға келген сала мамандарын ынталандыру болып табылады.
Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері апараттарының мемлекеттік қызметшілері ауылдық елдімекенге жұмысқа орналасқан жағдайда, 100 айлық есептік көрсеткішке тең сомада біржолғы көтерме жәрдемақы және қажеттілігіне қарай тұрғын үй сатып алу үшін 1500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада 15 жылға дейінгі мерзiмге жылдық 0,01 % мөлшерiндегі сыйақы мөлшерлемесімен бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алу мүмкіндігі бар.
Әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған маман ауылдық елдімекенде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады.
Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) көтерме жәрдемақы алған кезде:
Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
Кредиттік бюродан есеп;
3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:
Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
Кредиттік бюродан есеп.
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Заңның 1-бабының 13) тармақшасында айқындалған жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандардан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға тыйым салынған.
Сонымен қатар, Қағидаға сәйкес бюджеттік кредит әлеуметтік қолдау шаралары бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешегі жоқ, сондай-ақ соңғы 2 (екі) жыл ішінде 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі жоқ мамандарға ұсынылады.
Бұл қызмет бойынша өтінім «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қабылданады.
Аталған қызметке сәйкес ағымдағы жылдың 2 айының қорытындысы бойынша – барлығы 27 жеке тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетілді (9 дәлелді бас тарту).
Қызмет көрсету мерзімі 6 жұмыс күн.
2. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру;
Аталған қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге электрондық форматта электронды үкімет веб порталы (e.license.kz) арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист" мамандығы бойынша кәсіби даярлық туралы емтихан пунктінің оқыту курсын аяқтағаны туралы куәліктің көшірмесі;
2) Салық кодексіне сәйкес бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растаушы құжат;
3) өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет.
Қызмет көрсету мерзімі 2 жұмыс күн.
Аталған қызметке сәйкес ағымдағы жылдың 2 айының қорытындысы бойынша – барлығы 17 жеке тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетілді.
3. "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру;
Аталған қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге электрондық форматта электронды үкімет веб порталы (e.license.kz) арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген баждар мен алымдардың төленгенін, ЭҮТШ арқылы төлем жағдайларын қоспағанда, растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады:
азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар, кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар;
4) жаңа және жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген машиналарға арналған Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаты немесе олардың техникалық регламенттің 6-бабына сәйкестігін растайтын басқа да құжат.
Қызмет көрсету мерзімі 1 жұмыс күн.
Аталған қызметке сәйкес ағымдағы жылдың 2 айының қорытындысы бойынша – барлығы 91 жеке және заңды тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетілді.
4. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнаулы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу;
Аталған қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге электрондық форматта электронды үкімет веб порталы (e.license.kz) арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) тіркеу құжатының электрондық көшірмесі.
Қызмет көрсету мерзімі 15 жұмыс күн.
Аталған қызметке сәйкес ағымдағы жылдың 2 айының қорытындысы бойынша – барлығы 10 жеке және заңды тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетілді.
5. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу;
Аталған қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат, көрсетілетін қызметті алушының өкілі – оның өкілеттігін растайтын құжат, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжат (бірдейлендіру үшін);
3) Салық кодексіне сәйкес кепілді тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат
Қызмет көрсету мерзімі 2 жұмыс күн.
Аталған қызметке сәйкес ағымдағы жылдың 2 айының қорытындысы бойынша – барлығы 7 жеке және заңды тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Ләйлә Алтай, Ербол Бекетов (Қалалық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің мамандары)