Қызылорда қаласның тұрғын үй инспекциясы бөлімі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
«Қызылорда қаласның тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ-і арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
Қазіргі таңда қала әкімдігінде тұрғын үйге мұқтаж адамдардың 5 дара тізімдері бойынша 27324 отбасы кезекте тұр. Оның ішінде:
11 | Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тобында; | 1403 |
22 | Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар | 4202 |
33 | халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарында | 10395 |
44 | мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар | 10861 |
55 | жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар | 463 |
2022 жылғы қаңтар- желтоқсан аралығында бөлім - 5318 мемлекеттік қызмет көрсетті:
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай – ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы – 5248;
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру – 67;
- Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару – 2.
- Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасымен келісу- 5.
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 13 тамыздағы № 441 бұйрығымен бекітілген.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға (көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Өздеріңізге белгілі, тұрғын үй кезегіне тұру «egov.kz» электрондық үкімет веб-порталында (бұдан әрі портал) өтінім беру арқылы жүзеге асырылды.
Қазіргі таңда «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметін көрсету «Тұрғын үй қоры» сервистік бағдарламалық өнімінен «Kezekte.kz» ақпараттық жүйелер платформасындағы «Shanyraq» ақпараттық қызметіне ауыстырылды.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге https://www.kezekte.kz/ веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтінішті және Қағидаларда көрсетілген құжаттардың тізбесін жолдайды.
Азаматтар үй кезегіне тұру үшін «Kezekte.kz» порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) куәландырылған өтінішті қалыптастырады.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді есепке алу және кезекке қою, автоматты түгендеу және бөлу процесін автоматтандыру жөніндегі ақпараттық сервисі «Shanyraq» Тұрғын үй кезегі» ақпараттық қызметі арқылы қолжетімді.
«Kezekte.kz» ақпараттық жүйесі бірқатар мемлекеттік органдардың ақпараттар жүйесімен (базасымен) интеграцияланады.
Қазіргі таңда «Kezekte.kz» «Shanyraq» Тұрғын үй кезегі» порталы арқылы үй алу кезегіне тіркелу үшін өтініш беруге толық мүмкіндік бар.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некені бұзу туралы, қайтыс болу туралы, балалардың тууы туралы куәліктерінің мәліметтерін, меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) бар-жоғы, отбасының барлық мүшелерінің мекенжайы туралы мәліметтерді, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін, Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың мәліметтерді отбасының барлық мүшелеріне көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеріп, қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Бөлімнің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға оларды сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі хабарлама алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Егер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны нормаларына сәйкес келтірмеген жағдайда, уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жолдайды.
Құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті алушы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге есепке қою туралы анықтаманы берудің жалпы мерзімі өтініш берілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кеш емес.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қараудың қорытындысы бойынша мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) кезектің реттік нөмірін көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама және ұялы телефонға sms-хабарлама түрінде шешім;
2) не бас тарту туралы дәлелді жауап, ол көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды және мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.
«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі №673 қаулысымен бекітілген қағидаларының 2 тармағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру тәртібі айқындалған.
Қазіргі таңда Gosreestr.kz мемлекеттік меншік тізілімінің веб-порталында (бұдан әрі - Мемлекеттік тіркеу порталы) Қазақстанның Ұлттық куәландырушы орталығы шығарған электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, жекешелендіру үшін www.gosreestr.kz сайтына тіркеліп, жекешелендіру процесі толықтай автоматтандырылды.
Көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт элеқтрондық нұсқада жасалады.
Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алудың тиімділігі- ол ақпаратты алудың қолжетімділігі, өтінішті өзіне қолайлы жерден (компьютері бар кез келген орындардан) беру мүмкіндігі, артық құжаттар талап етілмеуі, бюрократтық сымдарды жою, қызмет беруші мен қызмет алушы арасында жемқорлық тәуекелдерін жою.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында азаматтық белсенділікті танытып, тұрғын үй саласында мүмкін болатын мемлекеттік қызметтерді портал арқылы электронды түрде алуға шақырамыз.