
Бүгін «2023 жылғы көктем кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын даярлау» тақырыбында «Көктем-2023» РКШОЖ өтті.

Оқу-жаттығудың мақсаты – көктем кезеңіндегі төтенше жағдайлар кезінде басқару органдардың, күштермен құралдардың іс-әрекетінің дайындығын тексеру.

Оқу-жаттығу қарсаңында 14 қызметтен құралған қалалық азаматтық қорғау қызметінің құрамы мен техникаларына саптық қарау өткізілді.

Сонымен қатар, оқу-жаттығу шеңберінде қаладағы электр дабылдарын іске қосумен құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізілді.

Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы