Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІН ТІРКЕУ СЕКТОРЫ БОЙЫНША КӨРСЕТІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІГІ ТУРАЛЫ

       Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне» қатысты  азаматтық  хал   актілерін тіркеу секторы  халыққа мемлекеттік қызметтің 8 (сегіз) түрлерін   көрсетеді:  (қызмет көрсету бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022  жылғы 30 қыркүйектегі  № 820 бұйрығымен   бекітілген   Қағидаға сәйкес көрсетіледі)

1.      Бала тууды мемлекеттік тіркеу, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға, әке (ана) болуды анықтауға, ұл (қыз) баланы асырап алуға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу;

2.      Некені (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік  тіркеу, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты некені (ерлі-зайыптылықты)   мемлекеттік тіркеу ;

3.      Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу мемлекеттік тіркеу, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты некені (ерлі-зайыптылықты)  мемлекеттік тіркеу;

4.      Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу;

5.      Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;

6.      Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер,  анықтамалар беру;

7.      Азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу ;

8.      Азаматтық хал актілерінің жазбаларын жою;   

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдірудегі негізгі мәселелердің бірі – олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы халықты электрондық форматта қызмет алуға ынталандыру болып табылады.     

  Осыған байланысты, «Электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы  көрсетілетін мемлекеттік қызметті АХАТ бөлімінің  (Айтеке би 21 ғимараты) ішінде қызмет алушыға толық мүмкіндік қарасытырылған. 

Сонымен қатар, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне ҚР 2022 жылғы 14 шілдедегі      №141-VII Заңымен 13-бамтың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі яғни неке қиюды (ерлі-зайыпты болу) некеге отыруға  (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер  тіркеуші органға өтініш берген күннен бастап  «бір ай мерзім»  деген сөздер  «күнтізбелік он бес күн» деген сөздермен ауыстырылды.    Осыған сәйкес, ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап некеге тұруға өтініш берген азаматтардың некесі он бес күнде   тіркелуде. Алдағы уақытта халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді электрондық форматта  орындауға  жұмыс жасалатындығын жеткіземіз.   


28 ақпан 2023 ж. 435 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?