Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

27 қаңтар күні Қызылорда қалалық прокуратурасының бастамасы негізінде құрылған жұмысшы топпен (құрамында: жеке сот орындаушылар, әділет органдары, полиция) қалалық жұмыспен қамту орталығында қала аумағында жұмыссыз азаматтарды, оның ішінде алиментке борышкер, жұмыссыз жастар, мүгедектігі бар адамдар, және пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында «БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ» өткізілді.
Аталған жәрмеңкеге өңірдегі бос жұмыс орындары бар 26 мекеменің өкілдері қатысты.
Жұмыс ұсынушы мекемелермен жәрмеңкеге жұмыс іздеуші ретінде келген адамдарға түрлі санаттағы 112 бос (плотник, сантехник, электрик, көлік жүргізушісі, сән салонына мамандар, шаштараз, тігін шебері т.б.) жұмыс орындары ұсынылды.
Жәрмеңке қорытындысымен алиментке борышкер 40 адамға мекемелерге жұмысқа орналасуға жолдама берілді.
Акция нәтижесімен алимент төлеу жүктелген борышкерлерді  кәмелетке толмаған балаларының өмірі мен денсаулығына, өсіп өнуіне және әлеуметтік жағдайына аса мән беріп, уақытылы алимент төлеп отыруға шақырамыз.

Қызылорда қаласының прокуратурасы
30 қаңтар 2023 ж. 717 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?