Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Талдамалық анықтама: Тұрғын үй инспекциясы бөлімі

Қызылорда қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама


28.12.2022 жыл                                                                                                                   Қызылорда қаласы


Қызылорда қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының 04.08.2022 жылғы №59 бұйрығына сәйкес бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Бөлім коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру және тұрғын үй қорын басқару мәселелері бойынша жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функциялары саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.


1.Персоналды басқару

Қызылорда қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының 2021 жылғы 16 шілдедегі №1 «Қызылорда қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің штаттық құрылымдарын бекіту туралы» бұйрығының негізінде бөлімнің штаттық құрылымы бекітілді – 4 бірлік.


2. Мүдделер қақтығысын реттеу

Басқарма құрылған сәттен бастап (2021 жылғы 28 маусым) таза ауысыммен жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілер (мемлекеттік қызметтен кету) жоқ, мүдделер қақтығысы тіркелмеген.


3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету

2022 жылғы қаңтар- желтоқсан  аралығында  бөлім-5318 мемлекеттік қызмет көрсетті:

- Тұрғын үй сертификаттарын беру – 0;

- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай – ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы – 5248;

- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру – 67;

- Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару  – 2.

-Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасымен келісу- 5.

      31.12.2022 жылға  тұрғын үйге мұқтаж адамдардың 5 дара  тізімдері    бойынша 27384 отбасы кезекте тұр. Оның ішінде:


Санаты

Кезекте тұрғандар саны

1

жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тобында;

1403

2

Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар 

4202

3

халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарында 

10395

4

мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын  адамдар

10861

5

жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар

523

         2022 жылдың маусым айында Жаппасбай батыр көшесінен, 50 пәтерлік №78 үй кезек реттілігі бойынша көп балалы отбасыларға табысталды.

        2022 жылдың  16 қарашасында тұрғын үй комиссиясымен Сол Жағалау тұрғын ауданынан 40 пәтерлік   арендалық тұрғын үй кезекте тұрған көп балалы отбасыларына берілді.   

2022 жылдың  24 желтоқсан күні   Сол Жағалау тұрғын ауданынан 60 пәтерлік  арендалық тұрғын үй  авариялық жағдайда деп танылған азаматтар санаты бойынша кезекте тұрғандарға берілді.

Сонымен қатар, 2022 жылдың 27 желтоқсанда   Сол Жағалау тұрғын ауданынан  50 пәтерлік   арендалық тұрғын үйден   халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына -35 пәтер, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға -15 пәтер    берілді.

 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметін көрсету «Тұрғын үй қоры» сервистік бағдарламалық өнімінен «Kezekte.kz» ақпараттық жүйелер платформасындағы «Shanyraq» ақпараттық қызметіне ауыстырылды.

            Осыған сәйкес, қолданыстағы «Тұрғын үй қоры» СБӨ жүйесіндегі деректер қоры «Shanyraq» тұрғын үй кезегіне тұруға арналған ақпараттық жүйесіне көшірілді.

            2022  жылдың 30 мамырынан бастап  ҚР Әділет министрлігінің 03.05.2022ж №1-18/1461 және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің 28.02.2022ж №27-1-1-27/293 хаттарына сәйкес,  дербес деректерге қолжетімділікті бақылау мемлекеттік сервисі  (бұдан әрі-ДҚБ сервисі) арқылы ҚР Әділетмині жаңа сервистеріне қосылды. 

     Бұл сервистер  көрсетілетін қызметті алушылар мен олардың жақын туыстары  бойынша деректер алу үшін қолданылады.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған  «Kezekte.kz» ақпараттық жүйесі арқылы автоматтандырылған режимде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне    түгендеу жүргізіледі.


Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттырудың болмауы, жаңа жүйеде СМС хабарламалар уақыты келмеуі себепті, қызмет көрсету сапасының төмендеу;

мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының талаптарын сақтамау.


Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында қажет деп санаймыз:

- Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында біліктілігін арттыруға жіберуді ұйымдастыру.

- Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімін қатаң сақтау.

- Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының нормаларын түсіндіру мәселелері бойынша құқықтық жаппай оқытуды ұйымдастыру.


4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Бөлім рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.


5. Бөлімнің бюджетін жоспарлау

Бөлімнің бюджетін жоспарлау Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

2022 жылға арналған нақтыланған бюджет бөлім бойынша 45,610 млн. теңгені құрады.

Бөлімнің қызметі 11 бюджеттік бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.


Басқару аппаратын ұстау

Осы бағдарлама шеңберінде 469,1 млн.теңге көлемінде шығыстар көзделген

- басқару аппаратын ұстау – 45,610 млн.теңге (жалақы қоры, кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету, байланыс қызметтері,  Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу)


6. Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыру

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың         2022 – 2026 жылдарға арналған жаңадан қабылданған тұжырымдамасына сәйкес, бөлімде комплаен қызметі құрылды және тиісті міндеттер жүктелді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды комплаенс қызметкері жүргізеді.

Бөлім басшысының 04.08.2022 жылғы №59 бұйрығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің функциялары мен міндеттерін орындау бөлімнің бас маманы Г.Пазыловаға жүктелді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен көріністерінің алдын алу мақсатындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша және квазимемлекеттік секторлардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс   қызметі бойынша құқықтық оқыту жоспары мен іс шаралар жоспары бекітілді. (25.08.2022ж, 29.09.2022ж, 28.10.2022ж, 17.11.2022ж, 23.12.2022ж құқықтық оқытулар жүргізілді).

ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында бөлімнің сектор меңгерушісі Г.Пазылова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс» тақырыбы бойынша  мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарына қатысты.


Бөлім басшысы                                                         А. Рысбек

Хатшы                                                                          Г. Пазылова





                                                                              

11 қаңтар 2023 ж. 620 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?