Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Талдамалық АНЫҚТАМА

Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық 

АНЫҚТАМА

05.12.2022 жыл                                                                Қызылорда қаласы
    1. Қызметі: сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі    2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бағыты:    1) Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;    2) ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;    Ішкі талдау 2022 жылдың 6 ай аралығындағы жұмыс уақытын қамтиды.    Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы жергілікті атқарушы органның және мекеме басшысының қызметін қамтамасыз ету.        І. БӨЛІМНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҚОЗҒАЙТЫН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ    1.1. Бөлімнің миссиясын, негізгі міндеттерін, функцияларын, құқықтары мен міндеттерін анықтайтын заңдардың, құқықтық актілер:    1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;2. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексі;
3. Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңы;
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы N258 заңы.
5. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы;
    6. «Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасы Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексі;7. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451 Заңы;
8. Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығы;
9. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы;
    10. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының                                   2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы және басқа да қолданыстағы құқықтық актілер;    11. Коммерциялық емес ұйымдар туралы 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 Заңы    ІІ. БӨЛІМНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТАЛДАУ     1. Персоналды басқару:    Бөлімнің құрылымына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілер - 3 штаттық бірлік, бөлім басшысы – 1, бас маман – 1, жетекші маман – 1  бірлікті құрайды. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерге еңбек ақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұйрығы негізінде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктары өзгертілді. 
2. Тәртіптік жазалар туралы:
    Бөлімде мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерге қолданылған тәртіптік жазалар жоқ. 
    2. Мүдделер қақтығысын реттеу     Мемлекеттік қызметшілер арасындағы мүдделер қақтығысы орын алмаған.    Кадрлық қамтамасыз ету қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін фактілер анықталмады.    3. Мемлекеттік қызмет көрсету:Бөлім арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері жоқ.
    4. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және кіріс хаттар бойынша:2022 жылдың жартыжылдығында 44 өтініштер түсіп, заңда көзделген мерзімінде жауаптары берілді. Кіріс хаттар: 923, шығыс хаттар 474.
Сонымен қатар, Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары, хаттарына арналған жәшігі бөлім ғимаратында орналастырылған.
Мұнан бөлек, бөлім басшысының төрағалығымен бөлім қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау бойынша түсіндірмелік жұмыстары жүйелі түрде өткізіледі.

Бөлім басшысы                                                 П. Жанабергенов                                   
Хатшы                                                           М. Сатбай
05 желтоқсан 2022 ж. 698 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?