Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы ҚР Үкіметінің                        2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қаулысы және  ҚР Ұлттық экономика министрлігінің  2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығы негізінде жүзеге асырылуда.

Бағдарламаның негізгі мақсаты және міндеті ауылдың қалыпты  тіршілігін  және   ауылды  аумақтың  әлеуетінің өсуін  қамтамасыз ету, сонымен бірге, ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік саланың   сапалы қызметін көрсету, ауыл   аумақтарын  тұрақты  дамыту, ауылдық елді мекенге жұмыс істеуге және тұруға келген сала мамандарын   ынталандыру болып табылады.

Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері апараттарының мемлекеттік қызметшілері  ауылдық елдімекенге жұмысқа орналасқан жағдайда, 100 айлық есептік көрсеткішке тең сомада біржолғы көтерме жәрдемақы және қажеттілігіне қарай тұрғын үй сатып алу үшін 1500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада   15 жылға дейінгі мерзiмге жылдық 0,01 % мөлшерiндегі сыйақы мөлшерлемесімен бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алу мүмкіндігі бар.

Әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған маман ауылдық елдімекенде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады. 

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы немесе электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

1) көтерме жәрдемақы алған кезде:

Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);

Кредиттік бюродан есеп.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Заңның  1-бабының 13) тармақшасында айқындалған жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандардан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға тыйым салынған.

Сонымен қатар,  Қағидаға сәйкес бюджеттік кредит әлеуметтік қолдау шаралары бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешегі жоқ, сондай-ақ соңғы 2 (екі) жыл ішінде 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі жоқ мамандарға ұсынылады. 


19 желтоқсан 2022 ж. 442 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?