Дені сау ұрпақ - ел болашағы
Президент Жарлығымен биыл «Балалар жылы» болып бекітілуіне байланысты, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тікелей тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлердің демеушілігімен қалада және аудандарда спорт-ойын алаңдарын салу жоспарланған болатын. “Балаларға жұмсалған қаржы болашаққа құйылған инвестиция” демекші, 25 қазан - Республика күні қарсаңында облыс көлемінде бір мезетте 80 жаңа ойын алаңы іске қосылды.
Бүгін шаһар басшысы Асылбек Шаменов қаладағы демеушілік есебінен салынған бірқатар спорт-ойын алаңдарын аралады.
Қала әкімі алдымен Сырдария мөлтек ауданы №1Б көпқабатты тұрғын үйдің ауласында жаңадан салынған спорт және ойын алаңына барды. Жаңа алаңқайда асыр салып ойнаған балалармен және олардың ата-аналарымен кездесіп, ел ертеңі өскелең ұрпақтың қажеттілігі үшін алдағы уақытта да түрлі жобалардың жүзеге асырылатындығын жеткізді.
Қала әкімі барған келесі спорт-ойын алаңы Саяхат тұрғын ауданы, А.Айдосов көшесінің бойында орналасқан. Демеушілікпен салынған жаңа алаңның қызығына берілген балаларды әңгімеге тартқан Асылбек Өмірбекұлы осынша игіліктің бәрі ел болашағы жас жеткіншектердің жан-жақты дамуы, сымбатты, қайратты болып өсуі үшін жасалып жатқанын айтты.
Өз кезегінде тұрғындар шаһар басшысына шексіз ризашылығын білдіріп, көкейлерінде жүрген өзекті мәселелерін, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Асылбек Өмірбекұлы көпшіліктің талап-тілегі ескерусіз қалмай, барлығын өз ретімен шешу жолында жүйелі жұмыстар жасалады деді.