CЫР СПОРТШЫЛАРЫ ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
Дубайда (БАƏ) классикалық жəне экипировкалық жатып сығымдаудан өткен Азия чемпионатында жерлесіміз Елдос Ермаханов ерлер арасында 66 келі салмақта 2 алтын медальді жеңіп алды.
Ол экипировкалық түрінен 240 келі, классикалық түрінен 165 келіні көтеріп, 2 дүркін Азия чемпионы атанды. Айта кетейік, Елдос биылғы жылы Əлем чемпионатының 2 мəрте қола жүлделерін иеленген болатын.
Жасөспірімдер арасында Қуанышбай Төлегенов 74 келіде экипировкалық жатып сығымдаудан 1-орынды жеңіп алды.
Жүлдегерлерді жарысқа Роман Ковалев пен Файзулла Идрисов дайындады. Спортшылар енді 2019 жылы өтетін халықаралық жарыстарға дайындалады.