Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ МАҢЫЗДЫ

Қала әкімдігінің баспасөз орталығында жылу маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігін сақтау және оның алдын алу мақсатында Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түйменовтың қатысуымен брифинг өтті.

- Жыл басынан бүгінгі күнге дейін Қызылорда қаласы бойынша 156 өрт оқиғасы тіркелген. Орын алған оқиғалардың басым көпшілігі тұрғын үйде (98 өрт) қарапайым өрт қауіпсіздігін сақтамауынан туындап отыр. Өрттің алдын алу мақсатында әр аптаның сәрсенбі, жұма және сенбі күндері  қала бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Қала тұрғындарын жылу беру маусымында сақтық шараларын күшейтуге шақырамыз,- деді Жасұлан Түйменов. 
Аралау барысында тұрмысы төмен осал топ санатына жататын тұрғын үйлерге 400 дана көмір қышқыл газын анықтайтын құрылғы (датчик) орнатылуда.
Бұдан бөлек, «АлауГазАймақ» ЖШС-мен бірлесіп Ақсуат ауылдық округіндегі тұрмысы төмен мүгедектігі бар адамдардың тұрғын үйлерінің мұржаларын тазарту жұмыстары қолға алынды.
Сонымен қатар, бүгін Сыр құтқарушыларының креативті аялдама жобасы қала тұрғындарының назарына ұсынылды. Аялдама №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жанында орыналасқан. Онда қауіпсіздік ережелермен таныса аласыз. Сондай-ақ жастарға құт­қарушы мен өрт сөндіруші мамандығын қалай меңгеруге және азаматтық қорғау қызметіне қалай жолдама алуға болатыны жазылған.
10 қараша 2022 ж. 307 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?