Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Талсуат: Мемлекттік қызмет көрсету - бұл еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуының негізі!

«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасына сəйкес, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай  дамуда.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Талсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан заңды және жеке тұлғаларға 6 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі:
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Елді мекендер шегінде объект салу үшін жер учаскелерін беру»,«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату».

Мемлекеттік қызметті электронды алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға электрондық цифрлық қолтаңбаны алу, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталында (www.egov.kz) немесе электрондық лицензиялауда (www.elicense.kz) тіркелу қажет.
«Талсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің ақпараттық қолжетімділіктерін қамтамасыз ету мақсатында стандарттарға сәйкес ақпараттық тақтайшалар орнатылған.
Сондай-ақ әкімшілік ғимаратта халықтың уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы» орналастырылған. Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы талапқа сай қажетті техникалық  құралдарымен қамтамасыз етілген. (компьютер жабдығымен, принтер, камера, картридер, колонка).

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызмет көрсетудің сапасы мен қол жетімділігін арттыру өте маңызды. Алдағы уақытта, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру сапасы мен қолжетімділігіне мән беру, үнемділік пен тиімділік қағидаттары басты назарда болады.

Талсуат ауылдық округі
әкімі аппаратының
бас маманы А. Жайдариева
09 қараша 2022 ж. 259 0

Күнтізбе

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?