Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

«I LOVE QYZYLORDA» СУРЕТШІЛЕР КӨЗІМЕН


   Қала күніне орай біртоп жастар ерекше шараның басы-қасынан табылды. Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және С.Айтбаев атындағы Көркемсурет галереясы мен «Қызылорда облысының жастар Одақтары» ҚБ-нің ұйымдастыруымен Өнер арбатында Қызылорда қаласының 200 жыл толуына орай «Туған жерім – Қызылорда!»,«I love Qyzylorda» тақырыбында жас суретшілер арасында плэнерлік байқауын ұйымдастырды.
   Мақсат - халқымыздың байырғы өнері, бабалардан қалған ұлттық мәдениетіміз арқылы Тәуелсіз еліміздің әлеуметтік жағдайын, мәдени ахуалын, бірлігі мен ынтымағын, халықтар достығын тілге тиек ете отырып, халықтың өткен тарихы, өмір мен тыныс-тіршілігін, туған жеріміздің көрікті, әсем жерлерін баяндау, суреттеу.
   Жанашылдыққа жаны құмар, егемен елдің тірегі мен ертеңі саналатын-жастар, қашанда бойындағы қуат күші мен білімін туған елінің өркендеуіне арнап келеді. Бүгінгі байқауға қаламыздың Жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 20 жас суретшілеріміздің туындысын көретін боласыздар. Басты тақырыбымыздың бірі туған қаламыздың 200 жылдығын, бүгінімен ертеңін сурет бетіне түсірді.
28 қыркүйек 2018 ж. 1 932 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?