Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

СЕНІМДІ ӨКІЛДЕР «ТЕХНОДОМ» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

   Бүгін ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері Мұхиджан Кәрімбаев, Пірмұхаммед Сыздықов қаладағы «Технодом» электроника-техника дүкенінің қызметкерлерімен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.Жалпы кәсіпкерлік саласында бәсекелестікті қалыптастыру біздің басты шарттардың бірі.       Көпжылдық жұмыстар нәтижесі бәсеке болған жерде сауда да, сапа да тиісінше табыс та артанын көрсетіп отыр. Сауда дүкенінің қызметкерлерінің басым бөлігі жастар болғандықтан оларға мемлекетіміздің ұстанып отырған саясатын, бағыт-бағдарын түсіндіру өте маңызды.   - Біздің алға қойып отырған мақсатымыз «Әділетті Қазақстанды» бірге құру. Күні кеше Қ.Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасын ұсынғанын білесіздер. «Әділетті Қазақстан» деп отырғанымыз барлығына бірдей тең мүмкіндік, тең жағдай жасау. Қ.Тоқаев айтқандай біздің ұлттық идеологиямыз әділеттікке негізделмек. Әрқайсыңыз жас болсаңыздар да жемісті еңбек етіп келесіздер. Бірақ, білім жетілдіріп, елге қызмет етуден басқа арман жоқ. Барлығымыз еліміз үшін аянбай тер төгуіміз керек. Қазірде біздің ұстанып отырған  «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» формуласын жүзеге асыру келешек жастарға тікелей байланысты,-деді Мұхиджан Кәрімбаев 
    Дүкен қызметкерлері кездесу соңында Қ.Тоқаевтың бағдарламасымен танысып, оның бастаған бағдарын қолдап, алдағы сайлау науқанында белсенділік танытанын жеткізді.
27 қазан 2022 ж. 200 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?