ХАЛЫҚТЫ ҚОЛДАУ БАСТЫ ФАКТОРҒА АЙНАЛАДЫ
Бүгін ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері М.Нәлібаев, М.Байдаулетов, Б.Саймағанбетов, Б.Каримова облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры ұжымымен кездесті.
Ұлттық әдебиетіміз бен өнерімізді дәріптеп, салт-дәстүрімізді бүгінгімен ұйыстырып отырған театр ұжымын ұлттың ұйытқысы десек болады. Кездесу барысында ұжымға Мемлекет басшысының ҚР Президенттігіне үміткер ретіндегі сайлауалды бағдарламасындағы айтылған айшықты ойлар таныстырылып, бүгінде іске асырылып жатқан байыпты істер нәтижесі жайлы сөз қозғалды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі әдебиет пен өнердің жағдайы туралы әрқашан айтып, өз қолдауын көрсетіп келеді. Тәуелсіз еліміздің дамуы жолында рухани құндылықтар маңызды фактордың бірі. Өнер саласына көрсетілер қолдау мұнымен шектеліп қалмақ емес. Алдағы уақытта да өнер өкілдеріне айрықша қамқорлық жасала береді. Баршаңызды алдағы өтер Президент сайлауына бірауыздан қатысуға шақырамын. Бұл қуатты мемлекеттің жаңашылдыққа, жасампаздыққа жарқын жолы, – деді облыстық штаб мүшесі Мақсұт Нәлібаев.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының игі бастамасына қолдау білдірушілер қатары артып жатқаны қуатты Қазақстаның мығым әрі әділетті қоғам құрудағы жарқын бастамасы. Мұның барлығы ел әлеуетінің артуына тигізер әсері зор. Өнер саласы өкілдері үшін үлкен жетістік шығармашылық дамуына көрсетілер қолдау болмақ. Өнердің ақ боз үйі саналған Сыр елінің дәстүрлі өнер жанры мемлекет қолдауы нәтижесінде үлкен белестерді бағындыра бермек. Бұл біз бен сіздің күткен нәтижеміз, – деді штаб мүшесі Берік Саймағанбетов.