«ЕВРАЗИЯ» СПОРТ КЕШЕНІНДЕГІ КЕЗДЕСУ

Бүгін ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері Ибадулла Құттықожаев, Әмір Шаймағамбетов, Әбіләзим Әбдіғабит, Юрий Ким, Садық Мұстафаев, Шаймағамбетов Әмір, Руслан Дүлдүл «Евразия» спорт кешенінде спортшылармен, спорт кешенінің қызметкерлерімен жолығып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

- Барлықтарыңыз да спортты серік етіп, жүлделі додалардан жеңіспен, марапатпен ораласыздар. Сіздің азаматтық позицияларыңыз да спорт секілді. Тынымсыз еңбектің арқасында өздеріңізді, айналаңызды, түптеп келгенде мемлекетімізді жетілдіресіздер. Бұл еңбектің де марапаты болады. Ол еліміздің қарыштап дамуы болып саналады.

Кездесуде спортшылар сұрақтарына жауап берген Әмір Шаймағанбетов олармен сұрақ-жауап алмасып, алдағы сайлау науқанында белсенділік танытуға шақырды.