Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Қарауылтөбе: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Қызылорда қаласының "Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ-нің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы



Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, Қызылорда қаласының «Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Әкімдік) тарапынан жеке және заңды тұлғаларға 5 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Атап айтсақ,

- жер учаскелерін нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

- сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін
  мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

- бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату;

- жер учаскесін алу үшін кезекке қою;

- елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру.

Мәселен, «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» қызметін алу үшін I кезеңде: өтініш беруші «Еgov.kz» порталы арқылы электронды нысанда өтініш береді (өтінішке  қоса сұратылып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары) тіркеледі). Осыдан кейін, әкімдіктің жауапты қызметкері «Е лицензиялау» бағдарламасы арқылы өтінішті тиісті құжаттармен бірге қабылдап, әрі қарай жергілікті атқарушы органның жер қатынастары жөніндегі және сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін жолдайды. 

Осы ретте, жер қатынастары жөніндегі және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдар 7 (жеті) жұмыс күні ішінде өтініш келіп түскен сәттен бастап сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныс дайындайды, оған жер учаскесінің схемасын қоса береді және материалдарды жер комиссиясына енгізеді.  

         Сұратылып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, жер комиссиясының қорытындысын беру – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. 

Әрі қарай, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері жер комиссиясының оң шешімі болған жағдайда, 1 (бір) жұмыс күні ішінде жерге орналастыру жобасын дайындауы үшін жер комиссиясының оң қорытындысының бір данасын көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды, жер комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда – мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолдайды.                                                  

II кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде: Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасын дайындауды және келісуді қамтамасыз етеді. 

Осыдан кейін, ауылдық округтің әкімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімге қол қойып, Әкімдіктің жауапты қызметкері шешімге қол қойылған сәттен бастап жер учаскесіне құқық беру туралы шешімді портал арқылы қызметті алушының жеке кабинетіне жолдайды.




«Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ

22 қазан 2022 ж. 341 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?