ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМ МҮШЕЛЕРІ ЖОЛДАУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Жиын барысында Жолдауда жүктелген міндеттер мен келер уақытта жүзеге асырылатын жұмыстар жайы айтылды. Соның ішінде шетелден келетін көліктерді елімізде тіркеудің жеңілдетілуі және шетел көліктеріне төленетін салықтың едәуір төмендеуі айтылды.
«AMANAT» партиясының Қызылорда қалалық филиалы жанынан құрылған ақпараттық насихат тобының мүшесі Есенжол Назаров Ұлттық қорға түсетін табыстың бір бөлігі балалардың шотына түсіп, кәмелет жасқа толған соң жинақталған қаржыны білім алуына жұмсай алатынын жеткізді.

Кездесу барысында қалалық мүгедектер қоғамының өкілдері мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру, қоғамдық көліктерді соларға бейімдеу, мемлекет тарапынан төленетін жәрдемақының көлемін ұлғайту сынды мәселелерді қозғады.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласына қатысты бірнеше ұсыныс пікірлер талқыланды.