ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Бүгін «AMANAT» партиясының Қызылорда қалалық филиалы жанынан құрылған ақпараттық насихат тобының мүшесі Жорабек Нұрымбетов Белкөл кентінің жастарымен жүздесіп, ел Президентінің Жолдауынан туындайтын басты бағыттар жайлы ой бөлісті.
Оның ішінде отандық кәсіпкерлікті дамыту, шағын және орта бизнестің дамуына мемлекет тарапынан ықпал жасау, жастарды жаппай кәсіпкерлікке тарту мәселелері талқыланды.
Жалпы, былтырғы жылдың көрсеткіші бойынша Белкөл кентінде 41 кәсіпкерлік субьектісі тіркеліп, жаңадан 81 жұмыс орны ашылған.
