Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

АРДЕГЕРЛЕР БАС ҚОСТЫ

   Бүгін «AMANAT» партиясының Қызылорда қалалық филиалының  жанынан құрылған ақпараттық насихат тобының өкілдері Әбдірахманов Шәріп Әкбарұлы мен Мұсабаева Айгүл Нажмадинқызы қаламыздың  ардагерлерімен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі басымдықтарын талқылады.
   Кездесуде білім беру саласының ардагерлері  Баймбетов Мылтықбай Мұстафаұлы   ұстаздардың әліде әлеуметтік қолдап, жастар және жастарға патриоттық тәрбие беру ісі туралы да әңгіме қозғады. 
   Ақпараттық насихат тобының  мүшесі Айгүл Нажмадинқызы  Жолдаудағы негізгі басым бағыттарды баяндап, зейнетақы, зейнеткерлікке шығу тақырыбындағы мәселелеріне  кеңінен  тоқталып өтті.  Сонымен қатар, жиында мемлекеттік бағдарламаларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикалық саясатты одан әрі жетілдіру, әлеуметтік әріптестік пен адами капиталдың сапасын жақсарту, еңбек нарықтарын жаңғырту, әрбір сектордың жауапкершілігін арттыру жөніндегі даму бағыттары мен стратегиясыда айтылды.
  Кездесуде ардагер Жүзбай Таңрақбай ағамыз,  қай кезеңде де қоғам мен мемлекет алдында тұрған міндеттерді ақылмен, сабырмен, ғылыми нақтылықпен атқаруға мұрындық болатын қоғамның зиялы қауымымен бірлесе жұмыстар атқаруға қашан да дайын екенін және мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезең, жарқын оқиға екендігіне тоқталды.
19 қазан 2022 ж. 201 0

Күнтізбе

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?