ТЕМІРЖОЛШЫЛАР СЪЕЗД ДЕЛЕГАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін Теміржолшылардың мәжіліс залында «AMANAT» партиясының XXIVсъезіне қатысқан делегаттары, ақпараттық-насихаттық тобының мүшелері Мақсұт Нәлібаев пен Базара Танбаева Магистральдық желі бөлімше қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуді «Магистральдық желі бөлімшесі» басшысы, БПҰ төрағасы Ибраким Басықараев ашып, партия съезінде партиямыздың жаңа Саяси тұғырнамасы бекітілгенін айтып өтті.Кездесу барысында сөз алған делегаттар съездің күн тәртібінде көтерілген мәселелерге толығырақ тоқталды. Одан бөлек халықтық коалицияның құрылғанын, онда түрлі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер біріккендігін айтты.
- Осы кездесуде әр түрлі саяси ұйым өкілдерінің бағыты мен мақсаттары, арман-тілектері бір жерге тоғысты. Бәрі елдің жаңаруын, әділетті мемлекеттің құрылуын күтіп отыр. Оны коалиция форумында қалың бұқараның пікірлерінен аңғардым. Елдің амандығы мен мемлекеттің тұтастығын сақтау сіз бен біздің қолымызда. Ел болашағы үшін маңызды деді съезд делегаты, «AMANAT» партиясы Теміржол филиалының Атқарушы хатшысы Базара Танбаева.
Сөз кезегін алған съезд делегаты, облыстық мәслихатының депутаты, ақпараттық-насихаттық тобының мүшесі Мақсұт Нәлібаевта қазіргідей шешуші тарихи кезеңде қоғам болып ауызбіршілік танытып, Президент бағытына қолдау көрсетудің маңызды екенін айтып, Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы реформаларды жүзеге асыратындарын партия съезінің шешімдерін толық қолдайтындарын жеткізді.
#AMANAT