ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ КЕЗДЕСТІ
Бүгін “Облыстық ардагерлер үйінде” ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауының орындалуы төңірегінде жиын өтті. Кездесуде Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Дүйсенбаев Серік Әбішұлы, қалалық ардагерлер төрағасы Тәуіпбаев Сұлтанбек Тәуіпбайұлы зиялы қауым өкілдері, қалалық ардагерлер ұйымдары мен сала ардагерлері қатысты. Кездесуде жолдауында ұсынған халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру мен мемлекетті одан әрі жаңғырту жөніндегі әлеуметтік қолдау шараларына қатысты жаңа міндеттері түсіндірілді. Жиынға қатысушылар елімізді одан ары дамыту мен оның азаматтарының өмірін жақсартудың маңызды қадамдары айқындалған Президент Жолдауын бірауыздан қолдады және осы міндеттерді шешуге белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Жиынға қатысушылар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық әрі қарай өсіп-өркендеуіне алған бағытына, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға, білім беру саласы мен халықтың денсаулығын нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған тапсырмаларына мен маңызды мәселелер мен айқын ерекшеліктерді атап өтті.