Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҰСТАЗ ҰЛЫҚ ЕМЕС, ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда ұстаздар қауымының еңбегі ерен. Сондықтан қазан айының алғашқы жексенбісінде еліміз бойынша мәртебелі мамандық иелеріне кәделі құрмет көрсетіп, үздіктерін марапаттау игі дәстүрге айналған.
Бүгін А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде ұлағатты жандарға арналып, «Ұстаз ұлық емес, ұлы қызмет» тақырыбымен салтанатты кеш өтті. 
Жиынға қала әкімінің орынбасары Ақзира Қасымова арнайы қатысып, қала ұстаздарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды лебізін жеткізді.
– Ұлағатты ұстаздарымыз шәкірттеріне кенен ғылым мен кемел білімнің дәнін себуде. Қажырлы еңбектеріңіздің жемісі - оқушыларымыз республикалық, облыстық деңгейдегі сайыстардан жүлделі орындардан көрініп, түрлі байқау-жоба жарыстарынан жоғары көрсеткішке жетіп отыр. Сонымен қатар, мектеп ұжымдары әрдайым қоғамдық іс-шараларға да аянбай атсалысып, барлық салада белсенділік танытуда.
Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де - ұстаз. Сондықтан еліміздің келешегі Сіздердің қолдарыңызда! Тәуелсіз мемлекетіміздің әлеуетін арттырып, атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін, – деді Ақзира Бақтыбайқызы.
 Салтанатты жиында қала әкімінің орынбасары Ақзира Қасымова мерейлі 80, 85, 90 жасқа жеткен ардагер - ұстаздарға шаһар басшысының арнайы құттықтау хатын табыстап, сый-құрметін көрсетті.  
 Мерекелік кеште ұстаздардың бірқатары ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Құрмет» грамотасы және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
 Педагогтердің қоғамдағы мәртебесін және беделін арттыру, үздік мұғалімдердің озық педагогикалық іс-тәжірибесін тарату мақсатында 2012 жылдан бастап республикалық «Үздік педагог» конкурсы өткізіліп келеді. 
Бүгінгі шарада  «Үздік педагог» атанған 10 ұстазға қала әкімінің 150 мың теңге ақшалай сыйақысы табысталды. Ал, қалалық «Үздік педагог» байқауы І кезеңінің жеңімпаздарына ноутбук берілді.
 Салтанатты шара соңы Оқушылар сарайының қызметкерлері мен жас өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарламасына ұласты.
04 қазан 2022 ж. 264 0

Күнтізбе

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?