
Бүгін ЖШС «Сенім» мәжіліс залында емханамыздың «Ақмешіт» бастауыш партия ұйымының төрайымы Ж.Рахманқызының жүргізуімен Ақпараттық-насихаттық топ мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Кәрімбаев Мұхиджан Исмайылұлының қатысуымен партия мүшелері және емхана қызметкерлерімен «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасының жобасы талқыланды.

Қазақстанның әрбір азаматының құқы, еркі қорғалған, адал еңбегімен, білім-білігімен көздеген асыл мұратына қол жеткізе алатын демократиялық, әділетті әрі бақуатты мемлекет құруды МАҚСАТ етіп, Қазақстанның территориялық тұтастығы мен мызғымастығын сақтау, қауіпсіздігін күшейту, халықтың әл-ауқатын жақсарту, ұлтымыздың рухани болмысын жаңғыртып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін түпкілікті орнықтыру, ашық азаматтық қоғам қалыптастыруды МІНДЕТ еткен «AMANAT» партиясының саяси ұстанымы жөнінде толық ақпарат ұсынылды.