ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Қызылорда қаласында 18-27 жас аралығындағы азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жүргізілуде.
Бүгін қала әкімдігі мен қалалық полиция басқармасы, қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы тарапынан тұрғылықты жері бойынша азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және олардың әскерге шақыру пункттеріне келуі туралы хабардар етілді.
Сонымен қатар, аралау барысында себепсізден әскери есепке тұрмай, әскерден жалтарып жүрген азаматтарға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 387-ші бабына сәйкес жауапкершілік көзделгені жөнінде түсіндірілді.
Күзгі әскерге шақыру науқанында Қызылорда қаласынан 200-ден аса жасты ҰҚК Шекара қызметіне, Қарулы күшке және Ұлттық Ұланға әскерге жіберу жоспарланған.
Әскер қатарына шақырушылар Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына Қызылорда қаласы, Қазантаев көшесі 19 үй мекен-жайы бойынша №107 кабинет, 26-42-50 телефоны арқылы хабарласуларына болады.