Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІН ТІРКЕУ СЕКТОРЫ БОЙЫНША КӨРСЕТІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР

Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне қарасты «азаматтық хал актілерін тіркеу» секторы (АХАТ) мемлекеттік қызмет көрсету Стандартына, Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы  «24» мамырдағы №64 бұйрығымен бекітілген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидасына сәйкес жұмыс атқарады. 

Азаматтық хал актілерін тіркеудің 8 түрі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. 

Бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін 12 904 өтінішке қызмет көрсетілген.

Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қызылорда қаласы бойынша ХҚКО департаменті арқылы – 2231 өтініш«Электронды үкімет» веб-порталы арқылы – 10 250 өтініш, АХАТ секторы арқылы - 323 азаматтық хал актілерін тіркеуге байланысты өтініштер секторға түсіп, осы қызметтер уақытылы өз мерзімдерінде орындалды.  

 Бүгінгі күнге  өзекті  ақпараттық жүйе -«Электронды үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz – бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылады. 

Еgov электронды үкімет порталы  арқылы  азаматтық хал актілерін тіркеудің (бала тууды тіркеу,некеге тұру т.б.) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша қабылданған өтінішті қарау мерзімі   – 1 (бір)  жұмыс күні ішінде қаралып жауап жолданатындығын назарларыңызға саламыз. 

Құрметті азаматтар! Сіздер  азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша өтініштеріңізді Еgov электронды үкімет порталы  арқылы  жолдауларыңызға толығымен мүмкіндіктеріңіз бар. Ол үшін Қызылорда қаласы, Айтеке би көшесі № 21 (ЗАГС)  ғимартына келіп немесе үй жағдайында жеке куәлігіңізбен (жеке басыңызды куәләндіратын кілт -ЭЦП ключ)  Еgov арқылы  өтініш  беріңіздер.


26 қыркүйек 2022 ж. 502 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?