Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
Қызылорда қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімімен 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін көрсетілетін қызметтер бойынша атқарылған жұмыстар бойынша қысқаша баяндайды.
Жалпы, сәулет және қала құрылысы саласы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету бағытында бірқатар пәрменді шаралар атқарылып келеді.
Атап айтқанда, мемлекеттік қызметті алушыларға сапалы қызмет көрсету мақсатында Қызылорда қаласының әкімдігіне қарасты, салалық төрт бөлім орналасқан ғимаратта «Бір терезе» қағидаты бойынша халыққа жүйелі түрде қызмет көрсетіліп келеді. Онда күту залы мен электрондық кезек күту терминалы тұрақты түрде жұмыс жасауда.
Бір терезе қағидаты бойынша қалалық сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, құрылыс және тұрғын үй бөлімдері күту залында белгіленген орындар бойынша халыққа тиісті қызметтерді көрсетуде.
Бұдан басқа, күту залында орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы да жүйелі жұмыс жасап, жеке және заңды тұлғалар арнайы қойылған компьютерлерді қолдануда
Жалпы, бүгінгі таңда тұрғын үй инспекциясы бөліммен жеке және заңды тұлғаларға 5 (бес) мемлекеттік қызмет түрі көрсетіліп келеді, олар:
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру;
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы;
- Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу;
- Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару;
- Тұрғын үй сертификаттарын беру.
2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жеке және заңды тұлғалардың – 3047 өтініші қаралып, олар бойынша нақты жауаптар берілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған арнайы оқулар бөлімде ұйымдастырылып, қызметтері сапалы әрі мерзімінде орындалуда.
Алдағы уақытта, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру сапасы мен қолжетімділігіне мән беру, үнемділік пен тиімділік қағидаттары басты назарда болады