Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА КҮНІ АЯСЫНДА “Кітап Fest” ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

​Қала күні мерекесінің кезекті тағылымды шарасы Өнер арбаты бойында өтіп, шаһар басшысы Асылбек Шаменов кітап көрмесі мен сатылым акциясына, сондай-ақ “Буккроссинг” кітап сөресінің ашылу салтанатына арнайы қатысты.
​Қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы алдымен Өнер арбатын бойлай орналасқан “Өткені сырлы, келешегі нұрлы - Қызылорда” атты кітап көрмесі мен кітап жәрмеңкесін аралап шықты. 
Бүгінгі кітап фестивалі аясында Алматы қаласынан “Отбасы хрестоматиясы” қоғамдық қоры және Түркістан қаласынан “Мазмұндама” қоғамдық қоры, сондай-ақ облыс орталығындағы “Кітап ал” кітап дүкені өз кітаптарын сатылымға шығарып, кітап мерекесінің көрігін қыздырды.
​Кітап жәрмеңкесін тамашалап болған соң қала әкімі бастаған құрметті қонақтар “Буккроссинг” өзің оқысаң, өзгеге табыс ет қағидасына негізделген кітап сөресінің ашылу салтанатына қатысып, кітапхананың үздік оқырмандарын марапаттады.
​Содан соң қала әкімі Асылбек Шаменов, қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр тарланы, режиссер Хұсейн Әмір-Темір бірге кітап сөресінің лентасын қиып, арнайы кітапшаға өз лебіздерін жазып қалдырды.
​Кітап мерекесі ары қарай қалалық кітапханалардың мәдени шарасы мен “Bookathon” зияткерлік сайысына ұласты.


21 қыркүйек 2022 ж. 333 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?