Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Жол-көлік оқиғаларының себеп-салдарын талқылау және оның алдын алуға бағытталған іс-шаралар

 
Қызылорда қалалық прокуратурасында адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғаларының себеп-салдарын талқылау және оның алдын алуға бағытталған іс-шараларды талқылау бойынша жедел-мәжіліс отырысы өтті. 
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың 8 айында (2021ж. 8 ай) жалпы 103 (117) ЖКО орын алып, өткен жылмен салыстырғанда 14 дерекке немесе 12% төмендеген. 
Орын алған ЖКО-ның салдарынан 123 (151) адам түрлі жарақаттар алған (оның ішінде 32 (33) кәмелетке толмағандар), 15 (15) адам қайтыс болып, бір деңгейде тұр.
Қызылорда қаласы бойынша 14 оқиғада 15 адам қайтыс болған. 1 оқиға бойынша 2 адам, 13 оқиғаның әр қайсысы бойынша 13 адам қайтыс болған.
Оның 1-і Самара-Шымкент тас жолында, 13-і елді мекен ішінде орын алған. Оқиға себептері: басқа автокөлікке соқтығысу – 4, жаяу жүргіншіні қағу – 8,өздігінен аударылу – 3.
Тіркелген қылмыстық істер (52-ден 48-ге) 8,3 пайызға түскен.
Істердің 11-і (13) негізінен қарау үшін сотқа жолданса, 15-і (19) ақталмайтын негізде, 21 (39) ақтау негізінде өндірістен тоқтатылған. 
Қылмыстық істердің ақтау негізінде тоқтатылуына көп жағдайда автокөлікті басқарған жүргізушілердің жол-көлік оқиғасының алдын алу мүмкіндігінің болмағандығы туралы сарапшымен берілген қорытындылар себеп болған.
Қазіргі уақытта аталған санатта тіркелген 2 іс бойынша жауапкершілікке тартатын адамның анықталмауына байланысты мерзімі үзілген.
Қалалық прокуратурамен жол-көлік оқиғаларының алдын-алу, болдырмау мақсатында құзырлы органдарға тиісті тапсырмалар, іс-шаралар белгіленіп, ұсынылды.
Өткізілген жедел-мәжіліс нәтижесімен тиістіоргандарға қадағалау аймағында берілген тапсырмалардың жүзеге асуын қамтамасыз ету тапсырылды. 
Бұл бағыттағы жұмыстар, қалалық прокуратураның қатаң бақылауында. 

Қызылорда қалалық прокуратурасы
15 қыркүйек 2022 ж. 424 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?