
Биыл «Қала күні» мерекесі 9 қыркүйек пен 15 қазан аралығында бір ай көлемінде аталып өтіледі.
Бір айлық шаралар тізбегі бүгін «Қызылорда – жастар қаласы» тақырыбымен бастау алды.

Мереке аясында қалалық «Жастар театры» 8-ші маусымын белгілі драматург Жолтай Әлмаштың «Отырардың жасыны» тарихи драмасымен ашып, қала әкімі Асылбек Шаменов спектакльге арнайы барып қатысты.

Әбу Насыр Әл-Фарабидің жастық шағы суреттелетін тарихи драма аяқталған соң, «Жастар театрының» әртістеріне құрмет ретінде шаһар басшысының ықылас гүлі ұсынылды.

#Қалакүні2022
#СүйіктіқаламҚызылорда
#Qyzylorda