Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін қала әкімі Асылбек Шаменовтың төрағалығымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауында айтылған міндеттемелерді іске асыру бойынша атқарылатын шараларды айқындау мақсатында актив отырысы өтті.
Мәжіліске мәслихат хатшысы, депутаттар, ардагерлер кеңесі,  қоғамдық кеңес мүшелері мен төрағасы, мемлекеттік мекеме, құқық қорғау органдары басшылары, зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қала әкімі Жолдаудан туындайтын міндеттерді жүзеге асырудың жолдарын ұсынып, тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
 
- Мемлекет басшысы Өз Жолдауында саяси реформалардың жаңа бағдарламасын, әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шараларды, ішкі, сыртқы саясат, қауіпсіздік мәселелерін айқындап, 5 бағытты нақтылап берді. Алда біздерге жүктелген үлкен міндеттер тұр. Қоғам болып жұмылып, елімізді жан-жақты дамыту жолында атқарар ісіміз көп, нақты жоспарларымыз да бар. Жолдауда айтылған барлық бағдар бойынша тиісті шаралар қабылдап, оны сапалы жүзеге асырамыз, - деді қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы.
Идеологиялық актив барысында қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Каримова және облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Талғат Тлес сөз алып, жиында айтылған мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді.

08 қыркүйек 2022 ж. 337 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?