Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Президент ұсынған бастамаларды жүзеге асыруға бірге атсалысайық!

Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің жарқын болашағы үшін маңызды деген мәселелерге тоқталып өтті. Оның ішінде үкіметтік емес ұйым өкілі ретінде осы бағыттағы жаңалықтарға құлақ түре отырдым.  

Президент «Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз. Президент жанындағы Омбудсмен тағайындалады» деді. Жалпы Жолдауда Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру, мемлекетімізді одан әрі дамыту мәселелері басты өзегі болды. Жаңа сипаттағы Жолдауға - зор қолдау білдіреміз. Президент ұсынған бастамаларды жүзеге асыруға бірге атсалысайық!

РАУШАН САРЫМСАҚОВА, "АРУ-АНА" ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ 

01 қыркүйек 2022 ж. 360 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?