БІЛІМ КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін қаламыздың барлық білім ордаларында жаңа оқу жылы басталып, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге алғашқы қоңырау соғылды.



Өздеріңіз жақсы білесіздер, Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин атындағы киелі шаңырақ ширек ғасырдан астам уақыт бойы күрделі жөндеу көрмей келген болатын. Осыған байланысты жыл басында жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, күрделі құрылыс жұмыстары жүргізілді. Міне, бүгін қайта жаңарған мектеп оқушыларды қабылдауда. Осы ретте, сәулеті мен сәні жарасқан білім ордасының жөндеу жұмыстарын сапалы атқарып, межелі уақытында ұстаздар мен оқушылар игілігіне ұсынған мердігер мекеме басшылығына шынайы алғысымды білдіремін.
Заманауи сипат алған білім ордасымен қатар, жаңа оқу жылында қаламызда жеке 3 мектеп оқушыларға есігін айқара ашты. Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты десек, бұл іргелі шаңырақтар талай-талай ел мақтаныштарын тәрбиелеп шығаратынына сенемін»,-деді қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы.

