Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

СТРИТБОЛДАН ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Бүгін “Темір жол” саябағында қала әкімінің жүлдесіне арналған стритболдан республикалық турнирдің ашылу рәсімі өтті.

Қызылорда төрінде екінші мәрте байрағын көтеріп, дәстүрлі сипат алған дүбірлі доданың ашылуына қала әкімі Асылбек Шаменов арнайы қатысып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

- Сыр елінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен және арнайы Өзбекстан мемлекетінен келген стритболшыларға ілтипатымды білдіремін. Жеңісті жолдарыңыз жалғасты болсын! Бүгінгі стритболдан республикалық турнирді ашық деп жариялаймын!, - деді қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы.
Айта кету керек, бұқаралық спортты дамыту бағытында Қызылорда қаласы жыл сайын облыс көлемінде жоғары жетістіктерімен көш бастап келеді.
Жаңа толқын жастар үшін қазір барлық жағдай қарастырылып, түрлі ойын және спорт алаңдары ашылуда. Соның бір ғана дәлелі биылғы «Балалар жылына» орай облыс әкімінің бастамасымен, қала көлемінде 50 ойын-спорт алаңдары демеушілер көмегімен салынып, тұрғындарымыздың игілігіне пайдалануға берілуде.
28 тамыз 2022 ж. 231 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?