Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚОЙМАДА КӨМІР ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

Жылу маусымында тұрғындарды қатты отын қорымен қамтамасыз ету мақсатында маусым айында қала әкімдігімен көмір тасымалдаушы жеке кәсіпкерлер «KHAS COM» және «Қарымсақовпен» келісімшарт жасалынды.
Биыл жылу беру маусымы кезеңінде қала аумағындағы көмір тасымалдаушы жеке кәсіпкерлер тарапынан барлығы 66 000 тонна көмір әкелу жоспарлануда. 
Қазіргі уақытта, «KHAS COM» жеке кәсіпкерлігінде 200 вагон, яғни 13 800 тонна «Шұбаркөл» көмірінің қоры бар.

Көмір отынын  тапшылығын болдырмау мақсатында қала әкімдігі тарапынан тұрақты түрде қадағалау жұмыстары жүргізілуде.
Айта кету керек, биыл көмір тасымалдаушы жеке кәсіпкер «KHAS COM» қойма аумағын кеңейту арқылы тұтынушыларға қолайлы жағдай жасауда. Бұған дейін көмір сақтау қоймасының сыйымдылығы 7 вагон болса, бүгінгі күні 15 вагонға ұлғайтылған.
27 тамыз 2022 ж. 359 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?